Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын қалай онлайн алуға болады? | arainews.kz

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын қалай онлайн алуға болады?

9

• egov.kz порталында авторизациядан өту қажет.
• «Жылжымайтын мүлік» бөлімінен «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.
• Өтінімге құқық белгілейтін Құжаттың көшірмесін жүктеңіз.
• Төлем түрін таңдаңыз.

Құжатты дайындау мерзімі құрылымның түріне байланысты.

— Пәтерлер, жатаханалардағы бөлмелер – 3 жұмыс күні;
— Жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары — 5 жұмыс күні;
— Жалпы ауданы 1000м2 дейінгі салынған мүлік объектілері — 7 жұмыс күні;
— Жалпы алаңы 1000м2 асатын объектілер — 10 жұмыс күні.

Дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға бару қажет.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.