Жыл басынан бері Жамбыл облысы Полиция департаментінің фронт-кеңсесіне 3000-нан астам тұрғын жүгінген

43

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарын жаңғыртудың жаңа кезеңінің басымдықтарын белгілеп, жұмыстың сервистік үлгісіне көшуді қамтамасыз етуді, фронт- кеңселер ашуды тапсырған болатын.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің фронт-кеңсесі заманауи талаптарға жауап береді, сондай-ақ компьютерлік техникамен және жиһазбен толық жабдықталған. Мұнда азаматтарды қабылдау мақсатында ашық және тиімді өзара іс-әрекетті қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар жасалған, бейнебақылау жүйесі бар. Әкімшілік және көші-қон полициясының, жергілікті полиция қызметінің мамандары қажетті кеңес беріп, жүгінген өтініш берушілердің мәселелерін шешуге көмектеседі.
Полиция департаментінің басшылығы, басқарма бастықтары жеке сұрақтары мен мәселелері бойынша азаматтарды тұрақты түрде қабылдауды жүзеге асырады. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне кез келген уақытта хабарласуға болады. Түскі үзіліс жоқ. Полицейлер бір-бірін алмастырып, қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетеді, қажет болған жағдайда ағылшын тілінің аудармашы маманын шақырады.
Жыл басынан бері облыс Полиция департаментінің фронт -кеңсесіне 3277 тұрғын түрлі мәселелермен жүгінген.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Полиция департаментінің аудандық және қалалық бөлімшелерінде азаматтарды қабылдауға арналған 14 фронт-кеңсе жұмыс істейді.
— Жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында ашылған фронт- кеңселер азаматтардың өтініштерін қарау мерзімін қысқартуға, полиция жұмысын одан әрі ашық әрі қолжетімді етуге, сондай — ақ мәселелерді шешуді жеделдетуге мүмкіндік береді,-деп атап көрсетті Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.