Жұмыс кездесуі өтті | arainews.kz

Жұмыс кездесуі өтті

157

07.09.2022 жылы Жамбыл облыс бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің мәжіліс залында ЖД 158/2 мекемесінің өндіріс аумағындағы РМК «Еңбек Тараз» филиалының бос тұрған ғимараттарында бірлескен келісіммен жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлердің жұмыс жағдайы және жұмыс барысында туындайтын мәселелердің алдын алу бойынша жұмыстық кездесу өткізілді. Аталған кездесуге Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекеме бастығы әділет п/п Е.Оразгелдиев, мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Б.Ортаев, СЕҰТ қызметкерлері, ЖБ бастығы, режим бөлімінің бастығы, 5513 ә/б рота командирі капитан Жетпісбаев Ә, РКБЖО м.у.а. 3 сынып сержанты Қ.Айтбаев, ӘЖБ сержант Е.Балхиев, БЗЗК м.а. кіші сержант Ж.Күзелбаев, РМК «Еңбек Тараз» филиалының бастығының м.а. М.Г.Сыздыков, ЖК «Asimus» шебері Қ.Тойбаев, ЖШС «ТаразКожОбувь» шебері Н.Ақсақалов, ЖК «Байдаулет» директоры С.Сатын және де коммерциялық емес ұйым бірлестігінің басшысы А.Заурбекованың қатысты.
Жұмыстық кездесуде:
1. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің өндіріс аумағындағы РМК «Еңбек Тараз» филиалының бос тұрған ғимараттарында бірлескен келісім-шартпен жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлердің жұмыс жағдайы.
2. Мекеменің өндіріс аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің мекеменің ішкі аумағына кіріп-шығу тәртібі, тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу және алдын алу.
3. Жұмыс орындарында техника және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайының заңнама талаптарына сәйкестігі қарастырылып, талқыланды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.