Жуалы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы белсенді жүргізілуде | arainews.kz

Жуалы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы белсенді жүргізілуде

12

«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Жуалы ауданында бірқатар іс-шаралар өтті.
Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағатын өзен бойындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының аумағына санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Акцияға ауданның ерікті жастары мен Нұрлыкент, Көкбастау мен Қызыларық ауылдық округтерінің тұрғындары мен қоғамдық қызметкерлері өз үлестерін қосып, су қоймасы мен ауыл маңын көркейту үшін санитарлық тазалау, көгалдандыру жұмыстарын атқарды.

Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының маңайын тазалауға 2 техника мен 100 ден аса адам жұмылдырылды.

«Тазалық – тазалаған жерде емес, тазалық сақтаған жерде» демекші, алдағы күндері де тазалық жұмыстары жалғасын таба бермек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.