Жоғары оқу орындарындағы студенттердің тәжірибе жүзіндегі білігі кемшін.
Себебі теорияға басымдық беріледі. Бұл тиісінше университеттен түлеген түлектердің жұмысқа орналасуына кері әсерін тигізеді. Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізген. 64 мамандық бойынша рейтинг жасалыпты. Нәтижесінде «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы ең төменгі бағаға ие болды. Ал көш басында 80 процент ұпаймен «Металлургия» мамандығы тұр.
Талғат Ешенқұлов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:
— Осы бағалауға негіз болған – 4 критерий. Біріншісі – ЖОО осы аталмыш бағдарлама бойынша бітірген студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Екіншіден – осы жұмысқа орналасқан азаматтардың жалақыларының көлемі. Үшінші бағалайтын критерий – жұмыс берушінің осы бағдарламаны бағалауы. Төртінші фактор – осы ЖОО бітірген студенттердің ой-пікірі.
Жарқын Байпақбаев логистика мамандығы бойынша сарапшы:
— Енді кемшіліктерге қысқаша тоқтала кетейін. Кейбір ЖОО құжаттары толық емес. Кейбірінің силлабустары жоқ. Кейбірінің әдебиеттерінің өзі ескірген. Лабораториялық жұмыстар, жұмыс берушімен байланыс қарыстырылмаған.