Қазақстанда ескі көліктер үшін ақылы жолдарда жүру қымбат болады | arainews.kz

Қазақстанда ескі көліктер үшін ақылы жолдарда жүру қымбат болады

118

Елімізде ескі көліктер үшін ақылы жолдарда жүру тарифі көтеріледі.

«Ескі көлік иелеріне 2020-2021 жылдардан бастап ақылы жолдарда тарифті көтеру жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін ақылы тасжолдарға қатысты ережелерді реттейтін ресми құжаттарға өзгерістер енгізіледі. Нәтижесінде Еуро-4 стандартынан төмен көлік иелеріне жүру ақысы 20-30 пайызға қымбат болады», — дейді «Қазавтожол» ҰҚ» өкілдері.

Компаниядағылардың айтуынша, еліміздегі ақылы тасжолдармен жүретін көліктердің экономикалық класы ІІМ базасы негізінде анықталады. Осылайша олар өте жоғары тариф бойынша төлем жасайды.

kaz.tengrinews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.