Жолшылар оқушылармен кездесті | arainews.kz

Жолшылар оқушылармен кездесті

52

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңір бойынша филиалының қызметкерлері мектеп оқушыларымен онлайн кездесіп, жол құрылысы мамандықтары туралы жан-жақты түсінік берді. «ZOOM» платформасы арқылы өткен басқосуға 8-11 сыныптарда білім алатын әрі болашағын жол саласымен байланыстырғысы келетін жасөспірімдер қатысты.

Бейнебайланыста филиал қызметкері Жұмахан Шакирбаев жол сапасын бақылау жұмыстарының қалай жүргізілетініне кеңінен тоқталып, зертхана жұмысы мен жылжымалы зертхана кешені туралы мол мағлұмат берді. Бұдан кейін, болашақ мамандық иелерінің назарына автокөлік жолдарын салу мен олардың сапасын бақылау жұмыстары жөніндегі бейнесюжет ұсынылды. Атап өтерлігі, мектеп оқушыларының бұл салаға қызығушылығы арта түсіп, ынтасы барлар асфальт жабынды төселетініне дейін білуге құмарта түсті.

Өз кезегінде жолшылар білім беру ұйымдарымен әріптестік байланыс орнатуға еш кедергі жоқтығын мәлімдеп, «Аш

ық есік» күндері аясында оқушыларды филиал жұмысымен етене танысуға шақырды. Еске сала кетейік, өткен жылы шаһардағы бірқатар колледждің студенттері дәл осы филиалдан 6 айлық тағылымдаман өткен еді.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.