Жолдың жауы — ауыр жүк көліктері | arainews.kz

Жолдың жауы — ауыр жүк көліктері

68

Қазіргі таңда өңір-өңірлерде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал бұл жұмыстарды жылдамдатуда ауыр жүк көліктері ерекше рөлге ие. Алайда, дәл осы жүк көліктерінің кесірінен қара жолдың тез тозуы орын алуда. Айта кетейік, негізінде әрбір оське 10 және 13 тонна жүктемеге есептелген.

— Өкінішке орай, өңір аумағында жылжымалы көлік бақылау пунктері болғанымен, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын үнемі бақылау мүмкін емес. Соның салдарына жол сапасының нашарлауы жиі кездеседі. Мәселен, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары, — дейді инженер Тойшыбай Әлиахметов.

Атап өтерлігі, бүгінде елімізде 400 мыңнан астам ауыр жүкт көліктері бар. Ал Жамбыл облысында 4 мыңға жуық самосвал көліктер қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда пайдаланылуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.