Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайына қажетті мәселелер көтерілген | arainews.kz

Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайына қажетті мәселелер көтерілген

145

«AMANAT» партиясы Жамбыл облысты қ филиалы партия активі отырысы өтті. Басқосуда Мемлекет басшысының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты кезекті Жолдауына қатысты бірқатар белсенді партия мүшелерінің ойлары тыңдалды.

Жиынға төрағалық еткен партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов Президенттің бұл Жолдауы – көптің көкейінде жүрген сауалдар, халықтың ойында жүрген мәселелер мен ұсыныстарының жиынтығынан туындаған маңызды құжат екенін жеткізді. Сондай-ақ ол саяси-құқықтық трансформация халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты іс шаралармен сабақтастырылғанын тілге тиек етті.
– Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтардың тікелей өміріне, тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік жағдайына қажетті мәселелер көтерілді. Олардың қатарында Жер мәселесі, жастардың жаңа кәсіп бастауына 2,5%-дық жеңілдетілген несие беру, медицина, білім беру, әйелдердің зейнет жасы, балаларға арналған қор ашу және кезектен тыс сайлау өткізу мәселесі де бар, – деді Д.Ынтықбайұлы.
Шарада облыстық мәслихаттың хатшысы, партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Махметғали Сарыбеков биылғы жолдаудың халықты әлеуметтік қолдау туралы бөлігінде көптеген мәселелер айтылғанын тілге тиек етті. Мәслихат хатшысы өз сөзінде, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, медицина мен білім беруді дамыту, 650
елді мекенде емдеу мекемесін салу, 2023 жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін бір жарым жылға дейін ұзарту секілді жаңалықтар әлеуметтік қамсыздандыру саласын жетілдіре түсетінін баса айтты.
Сондай-ақ партия ардагері, Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Естемесұлы Төлендиев күні кеше жарияланған құжатта Президент жолдауында жастар мәселесі жөнінде жан-жақты айтылғанын, 100 000 жасты жұмыспен қамту, 2,5 пайызбен несие беру сияқты жобаларына кеңінен тоқталды.
Жиында бұдан өзге партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, аймақтық «Экологиялық» кеңестің төрайымы Айгүл Сағымбекқызы Акчалова, «Талдау» социологиялық және маркетингтік зеттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Темірханұлы Әлмұратов, партияның Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшесі Нұрділлаұлы Медет Жолдау туралы ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді.
Басқосуды қорытындылаған партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов партияластарды ел бірлігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.