Жолаушылар автобусынан қауіпті сәлемдеме анықталды

Ресейдің Федаралды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара басқармасы Омск-Қарағанды бағытындағы жолаушылар автобусынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты.

«Омск онлайн» порталының мәліметіне сәйкес, РФ ФҚҚ Шекара басқармасы Черлак ауданындағы «Ольховка» өткізу пунктінен жолаушылар автобусына тексеріс жүргізген. Тінту барысында қызметкерлер Омск-Қарағанды бағытындағы автобустың жүк салғышынан 2 Калашников АКСУ автоматы мен РПГ-7 граната атқышының 4 макетін тапқан.

«Болған жағдайды автобус жүргізушілері «қару-жарақ пен оқ-дәрілерді Омск автовокзалында белгісіз азаматтардың берген» деп түсіндірген. Олар сәлемдемені Қазақстандағы адресатқа жеткізуді өтініпті», — делінген РФ ФҚҚ Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Baq.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.