«Жер аманаты» жобасы аясында Аспара ауылында 150 гектар жер қайтарылды | arainews.kz

«Жер аманаты» жобасы аясында Аспара ауылында 150 гектар жер қайтарылды

45

Аймақта «Жер аманаты» жобасы аясында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, халқы тығыз орналасқан аудандарда жер мәселесі өзекті. Сондай ауданның бірі Меркі. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов «Жер аманаты» жобасы аясында сол ауданның Аспара ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Елді мекенде жайылым жер жер жетіспейді екен. Ауыл халқымыен жүздесуде партия облыстық филиалының төрағасы партияның ауыл маңында пайдаланусыз жатқан жерлерді қайтаруда атқарып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы бағытта «Жер аманаты» комиссиясының мақсатын да жеткізді.

Айтар кетерлігі, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының араласуымен «Аспара» өндірістік кооперативінің 150 гектар жерін ауыл тұрғындарына жайылымдық жер ретінде беру үшін Меморандумға қол қойылды. Осылайша, кооперативтің жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бүгінгі күні мал және егін шаруашылығымен айналысатын кооперативке де егіндік жер қажет. Сондықтан жергілікті әкімдік ұжымға басқа аймақтан 150 гектар егістік жер беріп отыр.

Жалпы, «AMANAT» партиясының бастамасымен былтыр өңірде «Жер аманаты» жобасы қолға алынып, өңірде өткен жылы мемлекет меншігіне 208 мың гектардан астам жер қайтарылған болатын. Ал биыл 100 мың гектарға жуық жайылымдық жер қайтарылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.