Жеңіс күніне арналған қабырға газеттері дайындалды | arainews.kz

Жеңіс күніне арналған қабырға газеттері дайындалды

42

9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсыңында сотталған азаматтар арасында жеңіс күнін тойлауға арналған қабырға газетін дайындаудан сайыс өткізілді. Осы сайысқа ат салысып қатысқан сотталған азаматтар өздерінің арнайы жеңіс күніне даярлаған қабырға газеттерін көрсетіп, шағын әңгіме құрып және де шумақ жолдарымен ұсынды. Бұл жеңіс күні — батырлық пен бірліктің, ерлік пен бостандықтың символы.

Осы сайысқа бар жігерін салысып, тәрбиелік іс-шараға белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болған сотталған азаматтар мекеме бастығының құқығымен мадақтама қағазымен марапатталды.

Сотталған азаматтардың бойларынан отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерінің оянуы, сезімдік және отан қорғаған батырларға алғысстары жүздерінен айқын көрінді.
Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандарды эстетикалық, патриоттық, отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді және Қазақстан Республикасының азаматы ретінде заңға мойынсұнуға, қоғамға оралуына бағыттайды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.