Жеке құрамның саптық дайындығы тексерілді | arainews.kz

Жеке құрамның саптық дайындығы тексерілді

57

ҚАЖ қызметкерлерінің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі тұрақты негізде өткізілетін саптық байқаулар болып табылады. Олардың барысында қызметкерлердің саптық дайындығы, сыртқы келбетінің белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Осындай байқаулардың бірі Жамбыл бойынша ҚАЖД № 25 мекемесінде өтті. Байқауға мекеменің жеке құрамы қатысты.

Шара барысында қызметкерлердің нысанды киім кию ережелерін сақтауы, олардың қызметтік куәліктері мен погондарды, шеврондарды жапсырудың дәлдігі мен дұрыстығы, талаптарға сәйкес айырым белгілерін орналастыруы, жұмысқа дайындығы тексерілді.

Мұндай саптық байқаулар саптық мәдениетті арттыруға ықпал етеді, жалпы тәртіпті нығайтуға, ұйымдастыруға және жеке құрам арасында жарғылық тәртіпті сақтауға көмектеседі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.