Жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді | arainews.kz

Жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді

82

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде діни өкілдермен кездесу өткізілді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты Ж.Жақсыбекұлы және Дін істер басқармасының теолог маманы Қ.Жарастың ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті. Алматы қаласы Нұр-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің түлегі, Ақниет ақпараттық және оңалту қоғамдық қорының Алматы қаласының теолог маманы Рүстем  Молдахметов «Дінде шектен шыққандар» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.