Жазасын өтеушілерді жеке сұрақтары бойынша қабылдады | arainews.kz

Жазасын өтеушілерді жеке сұрақтары бойынша қабылдады

43

Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, аға кеңесшісі және өңірлік Қылмыстық-атқару департаменті бастығының орынбасары департаментке қарасты №25 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Облыстық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған қабылдауға бас-аяғы 15 сотталған келді. Жиын барысында лауазымды тұлғалар жазасын өтеушілердің арыз-шағымдарын тыңдап, заңдық кеңестерін берді. Сонымен қатар олардың өзге де талап-тілектеріне құлақ қойып, олардың назарға алынатынын, заң шеңберінде көмек берілетінін айтты.

Қабылдау аяқталған соң келген тұлғалар мекеме аумағын аралап көрді. Атап айтқанда № 25 мекеме қазандығының қысқы кезеңге дайындығын тексеріп, өндірістік аумағындағы жұмыстармен танысты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.