Жазасын өтеген 4 азамат босатылды | arainews.kz

Жазасын өтеген 4 азамат босатылды

37

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінен 4 сотталған бостандыққа шықты. Оларды қақпа алдынан туыстары қарсы алды.

Кездесу барысында жазасын өтеп босатылған адамдардың бостандықтағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Кейбірі ішкі істер органына есепке алынуы тиіс болса, енді бірінің пробация қызметіне тіркеліп, жұмыс таңдауына, орналасуына, әлеуметтік көмектер алуына мүмкіндігі бар екені айтылды.

– Түзеу мекемесінде өткен уақыттарым арқылы әр нәрсеге байыппен қарауға үйрендім. Заң шеңберінен аспауға бекіндім. Бұл маған өмірлік сабақ. Жаңа айтып жатқан пробация қызметінің көмегі арқылы алдағы уақытта қоғамға бейімделіп, аяққа тұрсам деген мақсатым бар, – деді еркіндікке жолдама алған сотталған.

Босатылған 4 адамның екеуі мерзімінің аяқталуына байланысты босатылса, біреуі жазасының өтелмеген мерзімі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, енді бірі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.