Жастардың жаңа өзгерістерге көзқарасы айқын | arainews.kz

Жастардың жаңа өзгерістерге көзқарасы айқын

25

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға жаңа өзгерістер енгізу туралы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Өзгерістер кезеңі  мемлекеттің жаңа даму бағдарын айқындайтын болғандықтан,елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызы зор.Ал референдум – саяси реформаларға құқықтық негізі болмақ.

Референдумда халыққа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Арнайы жұмысшы тобы ұсынған өзгерістерді саралап, таңдау жасау – елдің саяси белсенділігіне байланысты. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтында «Мен жаңа реформаларды қолдаймын» тақырыбында өткен студенттермен кездесуде осы мәселелер қозғалды.

Мемлекетіміз таңдаған жаңа даму жолындағы оң өзгерістер білім саласын айналып өткен жоқ. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр. Саяси реформалардың сан саланы қамтыйтыны түсінікті. Жалпы басқару жүйесіндегі өзгеріс, барлық салаға серпін беретіні анық. Жастармен өткен кездесуде профессор-оқытушылар қозғаған ойдың өзегі – осы.

– Ел алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу. Оны жүзеге асыру үшін әр білімгер өзіне жауапкершілікті алып, қарапайым сессияға адалдық пен әділдікпен қатысып, өзгерісті өзінен бастағаны дұрыс. Адалдық – жеке адамның қоғамға деген таза ниетінен бастау алады, — деді «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Көпбосынова.

Жиындаспикерлер педагогикалық бағытта білім алып жатқан болашақ ұстаздарға5 маусым күні өтетін референдумның мәні мен маңызын түсіндірді. Әрбірінің сайлау кезіндегі саналы таңдауел мүдде үшін жасалатыны айтылды. Кездесуде«Заң» факультетінің меңгерушісі Асқар Жақсылықұлы сөз сөйлеп, жастардың –  білім алып, тұлға ретінде дамыған кезінде Жаңа Қазақстан жаңарумен, жаңғыруды өткере алатынын жеткізді.

2

3

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.