Жасақ бастығына пара ұсынған жазасын өтеуші құрықталды | arainews.kz

Жасақ бастығына пара ұсынған жазасын өтеуші құрықталды

231

Таразда өңірлік ҚАЖ департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізген жұмыстарының нәтижесінде сотталған азаматтың түрме қызметкеріне пара беру дерегі анықталды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеуші аталған мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу жасағының бастығы әділет капитаны Жансерік Бейсенбековке 10 мың теңге көлемінде пара ұсынып жатқан жерінде қолға түсті.

33 жастағы бас бостандығынан айырылған азамат сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған ұялы телефонды кіргізуге рұқсат етуі үшін осындай қадамға барған. Ол ақшаның қалған бөлігін Kaspi Gold арқылы аударатынын жеткізген. Сөйтіп, ол тағы бір қылмыс жамап алды. Қазіргі таңда оқиға бойынша ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, Жамбылда бұған дейін пробация қызметкерлеріне пара ұсыну деректері әшкере болған.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.