Жас мамандар ант қабылдап, үздік қызметкерлер марапатталды | arainews.kz

Жас мамандар ант қабылдап, үздік қызметкерлер марапатталды

1 579

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жас мамандардың ант қабылдау рәсімі өтті. Аталған шараға Департамент басшылығы, мекеме бастықтары мен жеке құрамы қатысты. Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен ашылды. Сонан соң, сапта тұрған 24 жас маман қызметтерінде адал болуға ант берді. Ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін алдымен сөз алған Департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Қанатұлы жас мамандарды бүгінгі айтулы күнімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Іс-шара үздік қызметкерлерді марапаттаумен жалғасын тапты. Атап айтқанда, бұл күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесі бастығы әділет подполковнигі Ерлан Ділдабекұлы ҚР ІІМ бұйрығымен “Қылмыстық-атқару жүйесі үздігі” төс белгісімен марапатталды.

Б. Алимжанова,

Кадр саясаты тобының бас маманы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.