«Жаңарған Жаңатас» жобасы жаңғырады» | arainews.kz

«Жаңарған Жаңатас» жобасы жаңғырады»

210

Бұл туралы Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Жаңатас қаласы тұрғындарымен өткен есепті кездесу жиынында айтты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған аталған жоба бойынша 13 нысанның эскизі дайындалып, олар алдағы уақытта толық жүзеге аспақ.

Жалпы өткен жылы аудан орталығында жергілікті әкімдік тарапынан атқарылған жұмыс аз емес. Қала әкімі Дүйсенәлі Борсықовтың баяндамасына сүйенсек, тұрғындардың сұранысына сәйкес, жыл басынан 4, 5А, 6 шағын аудандарына және саяжай елді мекендерінде барлығы 6 дана шағын футбол және 13 дана балалар ойын алаңшалары қолданысқа берілді. Оған қоса, шағын аудандардағы аулалар 20 дана көше жаттығу алаңшаларымен толықтырылды.

Сондай-ақ, қала келбетін көркейтуде оны абаттандыру мен көгеріштендіру жұмыстары бойынша өткен жылы қала аумағында 5300 түп тал, 2830 түп гүл дарақтары егілді.

Ал, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары бойынша жыл соңына дейін 18 млн. 331 мың теңгеге 200 дана қоқыс контейнерлері сатып алынған. Тіпті, 12 дана қоқыс алаңшалары орнатылған.

Айта кетейік, аудан әкімі Марат Қырғызәліұлының Жаңатас қаласы тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері бүгін Абылайхан атындағы мектеп-лицейі мен М.Әуезов ат. мектеп гимназиясында және С.Сейфуллин ат. орта мектебінде өтуде.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.