Жамбылдық өнерпаздар Түркия төрінде өнер көрсетеді

99

Қыркүйек айының 5-9 күндері Түркия Республикасының Анкара қаласында Халықаралық Анадолу фестивалі өтеді.

Дәстүрге айналған шарада Қазақстан Республикасы атынан түркі мәдениетінің кіндігі саналатын Жамбыл облысынан Шу аудандық «Әсем әуен» фольклорлық тобы өнер көрсетеді.

Түркі халықтарының рухани байланысын күшейту мақсатында өтетін дәстүрлі фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия т.б елдерден музыкалық және би ансамбльдері қатысады.

Елімізден аттанғалы отырған «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі 80 мыңға жуық көрерменнің алдында өнер көрсетіп, еліміздің бай мәдениетін, дәстүрлі өнерін паш етпек.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр дәл осы ауқымды шараға Жамбыл облысынан Тұрар Рысқұлов аудандық «Әдемі-ау» би ансамблі мен Меркі аудандық «Меркі әуендері» фольклорлық ансамблі қатысып бауырлас елдің ыстық ықыласына бөленіп қайтқан болатын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.