Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды | arainews.kz

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

78

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері тағы бір игілігі мол қайырымдылық шараның бастамашысы болды. Анығырақ айтсақ, ҚАЖ қызметкерлері облыстық «Қан орталығына» барып, қан тапсырды. Аталған шараға мекеме қызметкерлері белсене қатысты.

– Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін береміз. Өтеусіз қан тапсыру- адам бойындағы мейірімділік пен өзгеге қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға аса қажет. Осындай игі шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табарына сенеміз, — дейді №25 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өзге біреудің қанына мұқтаж болады. Сондықтан да өзгеге қан беріп көмектесу – өте сауапты іс . Донорлық қан болмаса қан ауруына,  онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек адамдардың өмірін арашалап қалу мүмкін емес. Қазір әлемнің 62 елінде қан донорлығы өтеусіз жүргізіледі. Егер біздің еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, өз туысынан айырылмас еді.

Дәрігерлер қан тапсыруды әдетке айналдырған адамның ағзасы аурулар мен күйзеліске қарсы тұра алатынын, жүрек-қан тамырлары ауруына сирек шалдығатынын дәлелдеп отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.