Жамбылдық ансамбль Түркиядағы халықаралық фестивальде өнер көрсетті | arainews.kz

Жамбылдық ансамбль Түркиядағы халықаралық фестивальде өнер көрсетті

180

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің шақыруымен Этимесгут ауданының мэриясы ұйымдастырған «Анадолу» фестивалінде Жамбыл облысы Шу ауданының «Əсем əуен» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Өнерпаздар көрермендер назарына Əбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Мэлс Өзбековтің «Толқиды Шуым», Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», Арман Бексұлтанның «Елге тілек» және Майлықожаның «Өсиет» термесі мен «Жан еркем», «Құрбым-ай», » Дей салдым-ай», «Ауылың сенің іргелі» сынды халық əндерін тарту етті. Жас қобызшы Бірғаным Мырзахан халық əні «Илигайды» орындап, түрік əні » Ду-дуды» Бауыржан Үйсінбаев нақышына келтіре шырқады.
Қазақстан өнерпаздарын 80 мың көрермен тамашалап, Бенгү түрік арнасы тікелей эфирден таратты.

Концерт соңында ҚР Турциядағы елшісі Абзал Сапарбеков сөз сөйлеп жамбылдықтарға алғысын білдірді.

Ал Шу ауданының əкімінің орынбасары Клара Қожағаппанова фестивальды ұйымдастырушы Этимисгут басшысы Энвер Демирельге алғыс білдіріп Жамбылдан келген өнерпаздар туралы баяндап өтті. Сондай-ақ, облыс əкімі Асқар Мырзахметовтың атынан Этимисгут басшысына шапан жапты.

Сондай-ақ, Этимисгут басшысы Энвер мырзаға Жамбыл Жабаевтың қорынан төсбелгі тағылып, облыс шеберлерінің қолынан шыққан, Жамбылдың бейнесі өрнектелген кілемше сыйға тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, өнер ұжымы қаланың көрікті орындарын аралап, Этимесгут ауданының мэрі Әнуар Демирельдің қабылдауында болған еді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.