Жамбыл жастары үшін «Қоғамдық лекция» жобасы іске асырылуда | arainews.kz

Жамбыл жастары үшін «Қоғамдық лекция» жобасы іске асырылуда

153

Ізденімпаз жамбыл жастары үшін облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы өзгеше форматтағы «Қоғамдық лекция» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның негізгі  мақсаты аймақта көпшілікке қызықты идеяларды жеткізіп, тарату. «Қоғамдық лекция» міндеті – идея тарату, идея аясында тегін білім беретін, ойшылдар ойынан шабыт алатын бір-біріне жақын қауымдастық құру болып табылады.

Қоғамдық лекция жобасында өңірдегі үздік спикерлерді бір ортаға жинап, өздерінің ең маңызды ойлары мен әлемдегі көкейкесті мәселелерін айтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында жастардың белгіленген тақырып бойынша жан-жақты ақпарат берілуіне жағдай жасау көзделген. ⠀

Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған жоба Алматы қаласында бастау алған. Жобаның ерекшелігі тақырыптың әр алундылығында. Жоба жастарды өз ойын ортаға салуына, қоғамдағы сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.

Аталған жоба Тараз қаласында 2018 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Жоба қазіргі кезде аудандық көлемде де өз жалғасын табуда. Бүгінгі күнге дейін облысымызға танымал тұлғалар Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіров, Ербол Мизанұлы Дүйсенбаев, Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген, Нұрлан Сүлейменұлы Өтешов, Сейітхан Жошыбайұлы Жошыбаев секілді және тағы басқа ел ағалары жастарға өз лекцияларын оқып үлгерді. Алдағы уақытта «Қоғамдық лекция» жобасы өз жалғасын таба бермек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.