Жамбыл облысының әкімі Ұлықбек Есдәулет пен Мереке Құлкеновты қабылдады | arainews.kz

Жамбыл облысының әкімі Ұлықбек Есдәулет пен Мереке Құлкеновты қабылдады

272

Бүгін аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Одақ төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов және суретші Еркін Нұразханмен кездесу өткізді.
Облыс әкімі Асқар Исабекұлы келген қонақтарға өңірде руханиятқа қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
«Қазақ хандығы» монументі маңынан Тараз қаласы тұнған тарих ордасы екендігін көрсететіндей үлкен мұражай соғу жоспарланғанын және Тектұрмас кесенесінің қасынан тарихи кешен бой көтеретінін тілге тиек етті.
Өз кезегінде ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Жамбыл облысындағы әдебиет пен мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда ілгерілеу бар екендігін айтып, облыстағы талантты 5 жас ақынның кітабын шығару бойынша қолға алынған іс басқа да өңірлерге үлгі боларлықтай бастама екендігін таңданыспен жеткізді.
Сонымен қатар, Ұлықбек Оразбайұлы ҚР Жазушылар Одағы мен Жамбыл облысының әкімдігі бірігіп, болашақта әдебиетшілерге арнап «Жамбыл» атындағы сыйлық дайындау туралы ұсынысын айтты.
Кездесу соңында ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет облыс әкімі Асқар Исабекұлына естелік кітабын сыйға тартып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.