Жамбыл облысында қауіпсіздік саласында тың жобалар жүзеге асырылуда

141

«Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Цифрлық Қазақстан» мемлекетік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың мониторингін де жүргізіп отырады.

Мәселен, өңірімізде қауіпсіздік саласында да бірнеше жоба іске асырылуда. Бүгінде Жергілікті полиция қызметіне 175 планшет сатып алынып, пайдалануға берілді. Яғни, құқық қорғау қызметкерлері планшетпен 100 пайыз қамтылған. Ал қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін «Жедел басқару орталығына» қосылған 467 бейнебақылау камералары көпқабатты үйлердің кіреберістеріне (подъезд) орнатылды. Сонымен қатар, қала көшелеріне 300 бақылау камералары қойылып жатыр. Тиісінше, оларда «Жедел басқару орталығына» қосылатын болады. Ал аталған орталықта қазір жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

«Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тың жобалар да жоқ емес. Соның бірегейі бірыңғай бейнебақылау жүйесі және адамдарды тану (распознавания лиц) жобасы. Алдағы уақытта жаңа жобамыз іске асырылып, қала көшелеріндегі қылмыс көрсеткіші біршама төмендейтін болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.