Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

263

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Амантайұлы Қосыбаев тағайындалды.
М.А. Қосыбаев 1968 жылы 6 сәуірде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылында туылған, 1990-1993 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы өрт техникалық училищесінің курсанты, 2008 жылы Қырғыз мемлекеттік құрылыс. көлік және сәулет университетін «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған. Азаматтық қорғау полковнигі М.А. Қосыбаев азаматтық қорғау органдарында 1989 жылғы тамыз айнан бастап қызмет етеді, ал 2015 жылғы мамыр айынан Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы лауазымын атқарды. Мақсат Амантайұлының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамыту ісіне қосқан үлесін ескере отырып, өзінің қызметтік міндеттерін адал және үлгілі атқарғаны үшін әр түрлі марапаттаулары бар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.