«Жамбыл – адалдық алаңы»: Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков қоғамдық қабылдау өткізді | arainews.kz

«Жамбыл – адалдық алаңы»: Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков қоғамдық қабылдау өткізді

364

«Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, «Жамбыл–адалдық алаңы» жобасының кураторы Б.Орынбековтың онлайн режимде азаматтарды қабылдауы өтті.

Қабылдауда жоба кураторы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған жобаның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына тоқталды.

Қазіргі таңда жобаның атқарған қомақты жұмысының бірі-облыс көлемінде басшылардың бірінші қабатқа көшіріліп, ашықтықты қамтамасыз етіп, облыс және Тараз қаласының әкімдері бірінші қабаттан «Опен спейс» ашып, қоғамдық қабылдаулар өткізетінін атады.

Сонымен бірге, жоба қызметкерлері басқармаларға мониторинг жүргізіп, нысандарды аралап, жағдайларын қарап, басшылар шаршы метрі аз бірінші қабаттарға көшті, оның ішінде көбісі мектеп директорлары екеніне тоқталды.

Б.Орынбеков облыс көлемінде жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал ететін және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйрететін 380 адалдық дүкенінің жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Жамбыл облыстық денсаулық саласы басқармасымен бірлесе отырып жоба аясында жоспарлар құрылғанын, білім басқармасымен бірге жұмыстар атқарылып, мектептегі ақша жинау, ремонт т.б мәселерге бақылау қойылғанын атады.

2019 жылдан бастап жағдайы жоқ отбасыларға арнайы әлеуметтік көмек беріліп келе жатқаны белгілі, осыған орай тексеріс жүргізіліп, соның нәтижесінде 930 жанұяның жалған құжатпен көмек алғаны белгілі болған.

Жоба аясында жұмыспен қамту басқармасымен бірлесе отырып 54 млн ақша мемлекетке қайтарылды.

Жоба аясында «Халықтың заңгер» акциясы ұйымдастырылып, акция аясында Жамбыл ауданындағы көшедегі жарық пен газ мәселесі шешілді. Сондай-ақ Байшақ ауданындағы «Оша» алқабының тұрғындары жарықты дұрыс бермейтіндерін айтып шағымданып келді. Жарық қуатының төмендігінен тұрмыстық техникалар күйіп, ауыл халқы шығынға батқан. Акция аясында Көктал ауылдық округ және аудандық әкімдік бюджетінен 1млн 200 мың теңге қаралып трансформатор орнататын болып шешім шығарғанын айтты.

«Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейді, осы жоба кеңсесінде барлық басқарма басшылары облыс халқымен онлайн түрде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыруда.

Облыс халқын газбен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынды.

Байзақ ауданы Үлгілі ауылының тұрғыны Камаладдин Омаров қатысып, үйіне тартылған газдың 1 жыл болмай есептеуішінің тоқтап қалғанын айтты.

Жоба кураторы осы мәелені назарға алып, аудан әкіміне тапсырма беріп, келесі жұмыс аптасының аяғына дейін шешілетінін жеткізді.

Республика бойынша 3,3 млрд теңге Байзақ ауданының халқын газбен қамтамасыз етуге бөлінсе, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес халқы тығыз орналасуына және қалаға жақын орналасқандықтан 1,3 млрд теңге тағы бөлінгенін атап өтті.

Қабылдауда Құмшағал ауылының тұрғыны Орынбасар Тоқбергенов сауал тастап, ауылдағы су, свет, қоғамдық көлік мәселелерін көтерді.

Жоба кураторы тиісті сала мамандарын тарта отырып, мәселелердің оң шешімін тапты.

Қоғамдық қабылдауда облыс тұрғындары онлайн түрде қойған сұрақтар бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары, жоба кураторы Б.Орынбеков тиісті сала мамандарының жауаптарын алып, алдағы уақытта жауап береді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.