Жүгенсіз жүк көліктеріне қашан тыйым салынады? | arainews.kz

Жүгенсіз жүк көліктеріне қашан тыйым салынады?

45

Қазіргі күні Әулиеата өңіріндегі қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда 4 мыңға жуық самосвал көліктер пайдаланылуда. Осыдан-ақ, Жамбыл жеріндегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға ауыр жүк көліктерінен келетін залалды өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Мамандар салмағы аса ауыр темір тұлпарларды қанша жерден бақылағанмен, ережеге бағынбайтын кейбір жүгенсіз жүк көліктерінің қозғалысы толастамай тұр.

– Мәселен, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары. биылдан бастап орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу үшін жобалаушылардан жобалық-техникалық құжаттамаға жүктерді тасымалдау мақсатында салмағы 15 тоннадан артық емес жүк көліктерінің жүруін талап етілуде. Бұл өз кезегінде автожолдардағы ақаулардың алдын алып, тас жолдың тез тозуына тосқауыл болады деп күтілуде, – дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының инженері Т.Аляхметов.

Айта кетейік, әрбір жүк көлігінің салмағы 8 тоннадан аспауға тиіс. Сонда ғана жолға келер зақымның алдын алуға мүмкіндік мол.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.