«ULYS» журналының ұстанымы нық | arainews.kz

«ULYS» журналының ұстанымы нық

175

Баршаға белгілі, биылғы 5 қыркүйекте Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында елімізде тұңғыш рет digital форматындағы жаңа цифрлық «ULYS» журналының тұсауы кесілген болатын. Күні кеше облысымызға жұмыс сапарымен келген аталмыш журналдың бас редакторы Ержан Қалыбай Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатына қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінде әлеуметтік желіде жеңіл-желпі ақпараттар қаптап кеткені жасырын емес. Бірақ, қоғамда қашан болмасын танымдық дүниелердің сұранысқа ие екенін естен шығармауымыз керек. Журналға өз ісінің нағыз мамандары автор ретінде тартылса дейміз. Сараптамалық материалдар бізде енді дамып келеді. Мұндағы танымдық, сараптамалық мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып, оқырмандарына жеткізіледі, – деді жоба авторы, әрі журналдың бас редакторы Ержан Қалымбай.
Бас редактордың айтуынша, «Ulys» журналын Android және IOS платформалары арқылы телефонға немесе Ipad-тарға тегін жүктеп алып, кез келген уақытта оқи беруге болады. Журналда қырғыз бен өзбек тіліндегі мақалаларға да орын беріледі. Сонымен бірге, мақаланы оқумен қатар, аудио жазбасын тыңдауға немесе бейнежазбасын көруге мүмкіндік бар.

Айжан Өзбекова

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.