Түсіндірме жұмыстары жүргізілді | arainews.kz

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

238

Қазіргі таңда жастар жат діни ағымдардан өте сақ болуы керек. Себебі мұндай діндерге кірген адам қайтадан шығуы өте қиын. Өйткені өздеріне тәуелді етіп, адам санасын тереңінен улайды.

Жуырда Қордай ауданында пробация есебінде тұрған азаматтарды жеке қабылдаған облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығының арнайы бөлімінің аудан бойынша инспекторы Мұхтар Саидов дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан түрлі келеңсіз мәселелер туындамау қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ жеке қабылдау барысында ҚР аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер мен діни ұйымдар туралы және әлеуметтік желіде кез-келген діни видео, аудио ақпараттарды жеке парақшасына салу немесе мессенджерлер арқылы тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабы (Терроризімді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша жауапкершілікке тартылатындығы туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Чингиз Саулембаев,
Қордай аудандық пробоция қызметі
бөлімінің инспекторы
әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.