Шәйнек ішінен тыйым салынған зат табылды | arainews.kz

Шәйнек ішінен тыйым салынған зат табылды

101

Оқиға бүгін Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Ерекше режимдегі мекеменің қатаң ережесін бұзған азаматша сәлем-сауқат арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған.

Жедел ақпаратқа сәйкес, мекеме қызметкерлері қамаудағыларға келіп түскен сәлемдемені тексеру барысында күдікті затты байқап, оны жіті тінту кезінде шәйнек ішінен 1 дана құлаққап, 2 дана USB тоғы және Теle 2 операторының 1 дана симкартасымен флэшкарта бар екендігін анықтаған. Атаулы сәлем-сауқат шымқалалық азаматшадан мекемеде жазасын өтеушінің біріне жолданыпты.

Қазіргі таңда заңды бұзған азаматшаны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481 бабы бойынша жазаға тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.