Тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды | arainews.kz

Тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды

119

Тараздық полицейлер облыс орталығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында тұрғындармен кездесу-қабылдаулар өткізді. Онда сала мамандары тұрғындардың талабын тыңдап, ашық диалог құруды көздеді.

Таңертеңгі сағат тоғыздан кешкі жетіге дейін аталмыш ауқымды акциямен Тараз қаласының барлық аудандары, соның ішінде «Көктем» және «Шөлдала» иіндері, «Солнечный», «Қант зауыты» аудандары, «Ауыл Береке» базары мен Зербұлақ көлінің маңайы қамтылды. Сонымен қатар ойын-сауық орталықтары мен демалыс орындарында, «Автобекет» маңында қабылдау жүргізген мамандарға тұрғындар көптеп қайырылды.

«Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі, мұнда кез келген тұрғын келіп құзырлы орган өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қоя алады. Мамандар тұрғындарды автокөліктерді тіркеу, жүргізуші және жеке бас куәлігін алу, көші-қон заңдарына қатысты толық ақпараттандырылды. 

«Жолда қабылдау» акциясы аясында тұрғындар тәртіп сақшыларына әлеуметтік және құқықтық аспектілерге де байланысты сұрақтар қойды. Тұрғындардың талабын құқық қорғау органдарының мамандары жергілікті атқарушы билікке жолдайтындықтарын жеткізді.

Жалпы «Жолда қабылдау» акциясының мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру және құқықтық көмек көрсету. Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелердің аумағында, тұрғын үйлердің, шағын аудандардағы үйлердің аулаларында, жеке секторларда, базарлар мен демалыс орындарында, жалпы халық көп жиналатын жерлерде жүргізілген қоғамдық қабылдаулар екі күнге жалғасты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.