Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде | arainews.kz

Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде

101

Тараз қаласында Ы. Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта республикалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйдің және облыстық бюджет есебінен 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүруде, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Аталған үйлердің үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болса, қалған екеуі келесі жылға өтпелі. Бұдан бөлек, 15-ші мөлтек ауданында 80 пәтерлі 1 несиеге берілетін тұрғын үй мамыр айында қабылданып, қалған 80 пәтерлі 9 үйдің құрылысы тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ аталған алқапта жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60 пәтерлі 11 кредиттік үйдің құрылыстары басталды. Сонымен қатар кезекте тұрған көпбалалы аналарға арналған «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақхананың құрылысын облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, ағымды жылы пайдалануға беріледі.

Жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша Ы. Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Оның 255-іне 4 мердігер келісімшартқа тұрды. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек, қосымша 15 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Осы тұрғын алқапта аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 2 млрд. 239,5 млн. теңге бөлінді. Аталған үйлердің құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.