Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті | arainews.kz

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

314

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шартына қатысушы мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.