Теолог-маман жазасын өтеушілермен кездесті | arainews.kz

Теолог-маман жазасын өтеушілермен кездесті

61

Хакім Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген. Ұлы шайырдың бұл сөзін ойшыл Шәкәрім «Шын таза жан тазалықпен, Тәңірісіне бармақ ол» деп қуаттайды. Ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан ислам дінінің қадір-қасиеті адамзат баласы үшін басты құндылық. «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған ата-бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгі міндет.

Алайда, қазіргі кезде дін төңірегінде түрлі дау-дамайдың, пікірталастың көбейіп кеткені жасырын емес. Әрине танымға талас жоқ. Бірақ елдің ішін алатайдай бүлдіріп, өзінің әр жерден естіген, көрген нәрселерін дінге әкеліп таңғысы келетіндер әлі де бар. Ал дінді дұрыс түсіну адамның өзінің таным-түйсігіне байланысты болса, әсіресе жас­тарға шариғаттың негізгі шарттарын түсіндіруде имамдар мен теолог ғалымдардың үлесі зор.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде теолог-маман Файзулла Тайтелиев сотталғандарды қабылдап, теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізді.

Сұхбат барысында өзге тақырыптарда да әңгіме өрбіді. Сотталған азаматтар сұхбат барысында келтірілген дәлелдерге көңілдері толып, жақсы әсерде отырды. Сұхбат соңында сотталған азаматтар өздерін қызықтырған сауалдарын қоя отырып алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі болып тұруын қалайтындықтарын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.