Тарихи-мәдени ескерткіштер мен саябақтардың жағдайы – партия назарында | arainews.kz

Тарихи-мәдени ескерткіштер мен саябақтардың жағдайы – партия назарында

195

Жуалы ауданында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Жуалы ауданы Орталық кітапхананың мәжіліс залында облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы ұйымдастырылды.

Отырысқа аймақтық Кеңес мүшелері — Кеңес төрағасы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының проректоры Асқар Абдуалы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының» директоры Сауран Қалиев, «Қазақстан РКРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалыны шеф редакторы Жалғас Қошқарбай, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан, «Aq jol» газетінің тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі қатысты.

«Мирас» аймақтық кеңесінің отырысында Жуалы ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен демалыс орындарының жағдайы және партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық Жол картасындағы «Мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тармағының орындалу барысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Ахметова «Мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен демалыс орындарының жағдайын кеңес мүшесі Нұржан Қадірәлі баяндады.

Кеңес мүшесі Жалғас Қалқабайұлы, өлкетанушы Дәулетжан Жамалбекұлы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар кеңес мүшелері Жуалы ауданындағы бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар т.б., демалыс орындарының жағдайымен танысты. Ұлттық сананы қалыптастырып, тарихымыздан сыр шертетін құндылықтарымыз бен төл мәдениетімізді насихаттау, оларды келешек ұрпаққа жеткізетін бірден-бір орын ол тарихи-мәдени ескерткіштер. Алайда, бүгінгі күні кейбір ауылдардағы ескерткіштердің жағдайына ерекше күтім керек екенін жеткізді.

Жиын барысында түскен ұсыныстардың барлығы тиісті мекемелерге жолданып, орындалу барысы партия бақылауына алынады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.