Тараздықтарға жеке шаруашылық үшін жер беріледі | arainews.kz

Тараздықтарға жеке шаруашылық үшін жер беріледі

153

Өткен жылы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жақсарту мақсатында арнайы жоба әзірленген болатын. Осыған орай, Тараз қаласы тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімдерін беру туралы шешім қабылданды, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Жалпы, көпқабатты тұрғын үйде тұратын тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларды жұмыспен қамту мақсатында 833 тұрғынға өзін-өзі өсімдік өнімдерімен қамтамасыз ету және артылған өнімді нарыққа ұсыну, сату үшін көкөніс егуге 6 сотық жерден бөліп беру сызбасы дайындалған. Бұл мақсатта шаруашылық жүргізу үшін «Арай» шағын ауданынан 50 гектар жер телімі бөлініпті.

Қала әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары берген мәліметке сүйенсек, аталған алқапқа  қызанақ, қияр, пияз, картоп секілді көкөністер егу жоспарланып отыр екен. Бұл көкөніс түрлерінің шығыны бірдей, яғни тұқым және минералды тыңайтқыштар бағасы бір шамада. Атап айтқанда, 0,06 гектар жерді дайындауға 3000 теңге, тұқым сатып алуға 7500 теңге және минералды тыңайтқыштарға 4200 теңге кетсе, су, электр жүйесі секілді өзге де шығындарға 9000 теңге көлемінде қаржы жұмсалады екен. Уақытша бақша өнімдерін жалға алатын тұрғындар тек тыңайтқыш пен өнім, суға ғана төлем төлеулері керек. Ал жерді инфрақұрылыммен жабдықтауға қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты болмақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.