Тараздағы «Желтоқсан толқыны» – еліміздегі ең ұзын субұрқақ | arainews.kz

Тараздағы «Желтоқсан толқыны» – еліміздегі ең ұзын субұрқақ

426

Тараз төл тарихын, өткені мен бүгінін, киелісін сақтай отырып, тарих қойнауынан бізге жеткен ежелгі қала. Осындай көне Тараз шаһарымыздың басты көшелерінде бой түзеп, қаламыздың сәнін келтірген қала күніне орай «Желтоқсан толқыны» субұрқағы мен аллеясының салтанатты ашылуы өтті.  

«Желтоқсан толқыны» субұрқағының ұзындығы – 220 метр. Алғашқы толқыны 86 деген қастерлі саннан басталады. Субұрқақтың 2 жағында пырақтың, барыстың және самұрықтың мүсіндері  орналасқан.Толқындар субұрқақтың соңына жетіп, кері қайтқанда Тәуелсіздікті белгілейтін  күн мен бүркіттің бейнесіне айналып, Егемендікке ұласып отыр.

Субұрқақ ақ мәр-мәр тастан жасалған. Сондай-ақ, мұндай ең ұзын, түрлі түсті, әрі әсем субұрқақ елімізде алғаш пайда болды.

Салтанатты шара одан ары саябақтағы балалар алаңшасында өтетін мерекелік концертпен жалғасын табады. Сонымен қатар, аталған аумақта қаланың көркейіп, өсуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Палау фестивалі», этно-мәдени орталықтардың көрме-жәрмеңкесі өтуде.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.