Жамбыл облысында 44 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан тұрып жатыр. Биыл оларды оңалту мақсатында облыс бюджетінен 662 миллион теңге бөлінді, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірде жарымжан жандардың жағдайы бақылауда болғанымен, шешілмеген мәселе де баршылық. Мәселен, жекеменшік нысандарды айтпағанда мемлекеттік мекемелердегі пандустар талапқа сай келмейді.
Тараз қаласының тұрғыны Зарина Мырзағалиева 16 жылдан бері арбаға таңылған. Үйдің жалғыз қызы, ата-анасы жұмыста болған кезде өз бетімен күнелтуге мәжбүр. Бүгін теміржол вокзалына барған сапары сәтсіз аяқталды. Өйткені мұндағы пандуспен жүру мүлде мүмкін емес. Осындай олқылықтардың кесірінен көп жерден шеттеп қалады екен.
Зарина Мырзағалиева, 1-топтағы мүгедек:
— Билетке келейін деп едім, кіре алмай қойдым, бұра алмай қойдым. Жарты жолдан қайтадан түстім. Осы естігенім бойынша басқа қалаларда подъемниктер бар пойызға, отыратын комната бар специально ожидание, біздің Таразда ондай нәрсе жоқ, коляскада отыра беріп, белім ауырады. Облыста 44239 мүгедек бар болса, оның 4030-ы бірінші, ал 18545-і екінші топтағылар. Сондай-ақ үшінші топтағы 15650 жан болса, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны — 5485. Олардың кедергісіз жүріп тұруына шаһардағы ғимараттардың 20 пайызы ғана бейімделген.
Жорабек Баубеков, облыстық ЖҚҮ және ӘБ басқармасының басшысы:
— Енді кресло қораптарымен жүретіндерге, мына зағиптарға бейімделген болса, біреулері құлақтары естімейтіндерге бейімделмеген қоңыраулары жоқ, 708 нысан бейімделген, оның ішінде 209 нысан қайта бейімдеу керек деген қазіргі таңда ескертулер берілді, сол бойынша қазір жұмыстар атқарылып жатыр. Тараздағы ғимараттардың 80 процентінде пандус талапқа сай орнатылмаған. Мамандар мұнда кафель емес, сырғанамайтын тактильді плитка төселу қажет дейді. Өйткені жауын-шашынды, тайғақ кезде арбадағы жан түгілі сау адамның аяқ басып жүруі қауіпті.
Нұрбек Алтынбеков, облыстық ЖҚҮ және ӘБ басқармасының бас маманы:
— Негізінен стандарт 2 қолұстағыштың арасы 1 метр болу керек. Ол екі поручныймен жүргізіледі. 1-шісі 90 метр биіктікте, 2-шісі жаңағы коляскыдегі адамға арналған 70 см биіктікте өту керек, соққан пандустардың көбісі стандартқа сәйкес келмейді. Пандустардың беті сырғанақ кафельдермен жабады. Бүгінде кез келген мекемелердің мүгедектер үшін қолжетімді болуы үлкен маңызға ие. Ал оны орындамаған жауапсыз мекемелерге 50-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.