Айбек Нұғымаров Азияның абсолютті чемпионы атанды

44

«Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» атанған қазақ балуаны Айбек Нұғымаров Астанада Қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында абсолютті салмақта чемпион атанды, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Айбек финалда Моңғолия балуаны Серік Бердімұратпен шықты. Бұл екеуі бір-біріне бұрыннан таныс қарсылас. Көпке бармай, өткен жылғы «Әлем барысын» еске салсақ, дәл осы екі балуан жартылай финалда белдесіп, ол кездесуде Айбек басым түскен болатын. Бұл жолы да Айбек қарсыласынан айласын асыра білді.

Чемпионаттың қола жүлдесін Жапония балуаны Танимото Сузукиді жеңген тәжікстандық Дадохан Курбаналиев еншіледі.

Бұдан бұрын Серік Бердімұрат аталған чемпионатта +100 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған болатын.

Айта кетсек, осыған дейін Азия чемпионатында 8 салмақ бойынша бірінші орын 4 қазақ және 3 моңғол, 1 түрікменстандық балуандарының еншісінде кетті.

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.