Таразда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтті | arainews.kz

Таразда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтті

35

Жамбыл облысы әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 8-9 желтоқсан аралығында Тараз қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз- Арена» спорт кешенінде Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеге Қазақстан Республикасының құрама командалары мен Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының спортшылары қатысты. 2006-2008 жылғы жасөспірімдер 41-45 келі, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92 және 110 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жалпы қатысушылар саны – 430.
Жарыстың ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Жақсылық Үшкемпіровтің қарындасы, Шырынкүл Үшкемпірқызы, Жамбыл облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Тәуірбек Әбітайұлы Қарауылтегі, Жамбыл облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев жарыстың ашылу салтанатына қатысты.
Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар арнайы медаль, дипломмен және І орынға 300 000 теңге, ІІ орынға 200 000 теңге, ІІІ орынға 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, І орын алған жеңімпаздардың бапкерлеріне 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Салмақ дәрежесі бойынша орын алғандар:

45 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Базарбек Данияр
ІІ орын – Балғабай Ерасыл
ІІІ орын – Дидар Қалмахан
ІІІ орын – Әзілханов Бекет

48 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Қыстаубай Мирас
ІІ орын – Балтабай Жасұлан
ІІІ орын – Азамат Серікбай
ІІІ орын – Бүркітбай Ермұхамед

51 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Карагулов Нурмухамед
ІІ орын – Асқар Нұрдәулет
ІІІ орын – Ижуат Ерсұлтан
ІІІ орын – Кәрібай Иманғали
55 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Нұрдолот Абасов
ІІ орын – Марлен Абдысаматов
ІІІ орын – Аманәлі Дінмұхамед
ІІІ орын – Акрамов Озодбек

60 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Қошан Азамат
ІІ орын – Аринов Кубаныч
ІІІ орын – Кабулов Әмірмұхамед
ІІІ орын – Жомарт Әбдіғали

65 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Тұрлығазы Алибек
ІІ орын – Шорипжанов Ойбек
ІІІ орын – Эсенбек Бекхан
ІІІ орын – Хасанов Нурали

71 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Хамзаев Рыскелді
ІІ орын – Бақтығұл Бағлан
ІІІ орын – Абдуллаев Темурбек
ІІІ орын – Бадалов Мурат

80 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Шымырбек Бейбарыс
ІІ орын – Рахман Нұрдәулет
ІІІ орын – Урматуулы Қайнар
ІІІ орын – Әсет Таңғатаров

92 келі салмақ дәрежесі бойынша
І орын – Бообеков Таласбек
ІІ орын – Несматов Соидамир
ІІІ орын – Багабов Супьян
ІІІ орын – Өмірбек Ерасыл

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.