Зейнеп Ахметова: «Мақтансүйгіш адамның талтаңы көп» | arainews.kz

Зейнеп Ахметова: «Мақтансүйгіш адамның талтаңы көп»

221

«Баласағұн» орталық концерт залында Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының келіні, көрнекті жазушы Зейнеп Ахметова Жамбыл жұртшылығымен кездесуде.

Облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Аманат арқалаған жан» атты  жүздесу еркін форматта өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, З. Ахметова Әулиеата жеріне бүгін келген болатын. Түске дейін батырдың келіні «Ерлік» мемориалдық кешенінде болып, Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойған болатын.

Ал, ертең сағат 10:00-да жазушы  Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен, сағат 15:00 де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жастарымен кездеседі.

13 қыркүйек сағат 10:30-да батыр Бәукеңнің туған өлкесі Жуалы ауданының жұртшылығымен Б.Момышұлы ауылының мәдениет үйінде жүздеседі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.