Таразда тыңдырымды тірлік бар | arainews.kz

Таразда тыңдырымды тірлік бар

220

Көне шаһар Таразды  өркендету жолында ағымдағы жылдың алты айында атқарылған шаруа аз емес. Жарты жылда тыңдырылған толайым тірліктерді ауыз толтырып айтуға болады. Бұл туралы қалалық мәслиxатының кезектен тыс сессиясында есеп берген қала басшысы Қайрат Досаевтың баяндамасында жан-жақты айтылды, — деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

2019 жылы 1-ші жартыжылдығы жалпы қала бюджеті трансферттерімен қоса 34,1 млрд.117,3 теңгені құрап, 99,8 пайызға игерілді. Мемлекеттік бюджетке 21 млрд. 967,7 теңгеге салықтар мен басқада міндетті төлемдер түсіп, жоспар 115 пайызға орындалды. Оның ішінде:  республикалық бюджет 105,2 пайызға;  облыстық бюджет 106,4 пайызға;  қалалық бюджет 133,1 пайызға орындалды.

2019 жылға  түзетілген қала бюджеті 71,7 млрд. теңге көлемінде бекітілді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 32,5 пайызға жоғары. Оның ішінде қала бюджетінің өзіндік кірістері 18,7 пайызға ұлғайтылып, 13,1 млрд. теңге көлемінде  түзетілді.

Жалпы, көне шаһардың өзге де салалары мен барлық бағыттарында баянды жұмыстар баршылық. Ол өз кезегінде қаланың дамуының оң динамикасын сақтауға зор септігін тигізуде.
Шаһар басшысының алты айда атқарған жұмысына мәслихат депутаттары бірауыздан «жақсы» деген бағасын берді. Жарыссөз кезегінде сөз алған Мейрамбек Төлепберген, Ескендір Мұқашев және тағы басқа да халық қалаулылары орамды ойларын ортаға салып, өзекті ұсыныстарын білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.