Таразда тұңғыш «Binur» showroom» дүкені ашылды | arainews.kz

Таразда тұңғыш «Binur» showroom» дүкені ашылды

530

Бүгінде елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, отандық өнім өндірісіне айрықша көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда өңір-өңірлерден ашылып жатқан шағын және орта бизнес субъектілері отандық өнімдерді насихаттауға барынша үлес қосуда. Міне, сондай сауда орнының бірі – «Binur» showroom» дүкені Тараз қаласынан ашылды.

Отандық дизайнерлердің тауарларын насихаттау мақсатында ашылған мұндай дүкен осыған дейін көне шаһарда болмаған. Он дизайнердің өнімін бірден сатылымға шығарып отырған кәсіпкер Ақбота Нұрсейітова бұл бастамасын туған топыраққа тарту ретінде қолға алғанын айтады.
– Жасыратыны жоқ, Таразда атақты дизайнерлердің өнімін саудалайтын орындар жоқ. Содан ойлана келе, туған жерімде «showroom» ашуға бел будым. «Showroom» деген сөздің өзі бірнеше дизайнерлердің тауарларын бір жерге тоғыстыру деген ұғым береді. Мен осы мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Дүкендегі киімдердің бағасы қолжетімді. 7-70 мың теңге аралығында. Сауда орнындағы ең қымбат тауарлар ол, әрине, әйелдердің сыртқы киімдері. Десе де, ең төменгі 7-10 мың теңге аралығында бағаланып тұрған сәнді киімдеріміз де бар. Сондықтан, барлықтарыңызды «Binur» showroom» дүкенінен тауар алуға шақырамын, – дейді сауда орнының иесі Ақбота.
Жалпы, қазір «showroom»-да қысқы және күзгі киімдер саудалануда. Оған қоса, тұрақты тұтынушыларға арналған түрлі жеңілдіктері де қарастырылған.
Ашылу салтанатында «Binur» сауда дүкені басшылары келушілерге түрлі лотореялық акциялар бойынша сыйлықтар үлестірді. Бұл күні шараға шаһардағы 17 шағын және орта кәсіпорындар демеушілік жасап, халыққа теңдессіз тартулар жасалды.

Назерке Төлен

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.