Таразда «Театр.KZ» фестивалі өтуде | arainews.kz

Таразда «Театр.KZ» фестивалі өтуде

253

Бүгін облыстық қазақ драма театрында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен облыстық халық театрларының «Театр.KZ» атты фестиваль басталды.

Фестивальдің салтанатты ашылуы барысында мәдениет басқармасы басшысының орынбасары З.Сембина құтықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, фестивальдің ашылуы Жуалы ауданы театрының «Тағдыр тақтасы» поэтикалық драмасымен ашылды. Бұл драмадан кейін шеберлік сыныбы басталды. Шеберлек сағатты Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі, «Формат Е» мәдени-даму оқу әдістемелік орталығының директоры Е.Әуесбаев пен Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Н.Абдуллаев өткізді. Еске сала кетейік, аталған фестиваль түстен кейін және ертеңгі күнге дейін жалғасын таппақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.