Таразда суретші В. Матюшковтың шығармашылық көрмесі өтті

61

Облыстық тарихи-өлкетану көрме залы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен белгілі қылқалам шебері, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Владимир Матюшковтың шығармашылығына 60 жыл толуына байланысты суретшінің жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Көрмеге суретшінің 40-қа жуық картинасы қойылды. Шара барысында қылқалам шебері барлық келушілерді бейнелеу өнерінің қыр-сырымен таныстырып, туған жерінің әсемдігін, кең-байтақ даласын өз шеберлігімен насихаттады.

«Мен суретшінің шығармашылығымен таныс болғаныма екі жылдың көлемі болды. Владимир Павловичтің туындылары өте әсерлі. Табиғаттың көрінісін айнытпай салады. Жылы бояуды жиі қолданады. Шығармашылыққа жан-тәнімен берілген кісі», — дейді көрмеге келуші тараздық тұрғын.

Суретшіні 83 жас туған күнімен және шығармашылық көрмесімен құттықтап достары, жанашырлары және әріптестері келді.

«В. Матюшковтің ерекшелігі туындыларын жыл сайын көрме залына қояды әрі өзінің туған күніне ойластырады», — деді көрме залы меңгерушісінің міндетін атқарушы Лаура Байтұрсынова.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.