Таразда «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастады | arainews.kz

Таразда «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастады

295

Таразда «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастады, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Бұрын-соңды болмаған шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалының бастамсымен қолға алынып отыр.

«Парасаттылық мектебінде» облыс орталығында орналасқан  оқу орындары мен колледж оқытушылары, заңгерлер мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің басшылары дәріс алады.

Бір апта бойы өтетін семинарда білікті мамандар, тренерлер, сарапшылар, психологтар қатысушыларға дәріс оқитын болады.Оқыту барысында сарапшылар мен арнайы жаттықтырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобалар туралы әңгімелеп, олардың іске асырудағы тәжірибелерімен бөліседі.

– «Парасаттылық мектебінің» басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездесетін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазіргі қоғамның дертіне айналған осынау жайтқа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру. Сонымен қатар, мұнда қатысушыларға парасаттылық, адалдық, әділдік принциптерін ұстау бойынша сабақтар өткізіледі. Өз кезегінде, қатысушылар білікті мамандардан үйренгенін өздері қызмет ететін оқу орындарындағы студенттерге жеткізеді, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев.

Сондай-ақ, курсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жобалық жұмыстарын қорғайды.Семинар соңында «Парасаттылық мектебінің» қатысушыларына бекітілген үлгідегі сертификаттар табысталады. Курс аяқталған соң оқытушылар алған білімдерімен бөлісіп, студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаларына үйретеді. Айта кетейік, семинар-сабақ шілденің 15-19 аралығында өтеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.