Таразда халықаралық сән апталығы өтеді | arainews.kz

Таразда халықаралық сән апталығы өтеді

374

Тараз қаласында қазан айының 8-11 күні аралығында тұңғыш рет 18 шетелдік мемлекет пен Қазақстан сәнгерлерінің қатысуымен халықаралық деңгейдегі “Aspara Fashion Week” сән апталығы өтеді.

Өткізілу орнының таңдалуы кездейсоқ емес, кезінде дәл осы Тараз, Ұлы Жібек жолының орталығы болған. Жақында, көне шаһар Италия мен Үндістаннан, Голландия мен Қытайдан, Франция мен Ресейден, жалпы 18 мемлекеттен келетін қонақтарды күтетін болады.

Сондай-ақ, құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Әйелдер комитетінің төрайымы Танзила Нарбаева болады деп күтілуде.

Сән апталығында белгілі сәнгерлердің көрсетілімдерінен басқа, 30 халықаралық дизайнерлердің киімдері ұсынылады және Aspara Fashion Week аясында халықаралық дизайншылар конкурсы өтеді. Аталған конкурста жергілікті дизайнерлерде кішігірім көрсетілімдерге қатысып, конкурстың жеңімпазы атана алады.

4 күн қатарынан өтетін іс-шара кешкілік сағат 18.00-де басталады деп жоспарланып отыр. Ең алғашқы күні ашылуы салтанатында Париж және Италия дизайнерлерінің киімдері көрсетіледі. Ал екінші күні өзбекстандық 6 дизайнердің өнері халыққа ұсынылады. Үшінші күні көрсетілімді аяқтайтын Италия мен Франция дизайнерлері болмақ.

Айта кетерлігі, сән апталығына 3000-ға жуық туристер тартылмақ. Осыған байланысты, қазіргі таңда 8 заңдастырылған такси қызметтерімен меморандумға қол қойып жатыр. Нәтижесінде, келген қонақтар қаланы емін-еркін аралап, тамашалауға мүмкіндігі болады.

zhambylnews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.