Таразда ҚАЖД басшылығы сала ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады | arainews.kz

Таразда ҚАЖД басшылығы сала ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады

110

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков, Қылмыстық- атқару жүйесі саласының дамуына үлес қосқан сала ардагерлерін Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

– Уақытында ҚАЖ саласының дамуына өз үлесін қосып, түзеу мекемелерінде түрлі қызметтерді абыройлы атқарған сіздерге алғысымыз шексіз. Ардагерлердің бір кездері келешек ұрпақ үшін атқарған игі істері бүгінгі жас қызметкерлер қашанда үлгі. Қылмыстық- атқару жүйесі саласының дамуында Сіздердің алар орындарыңыз айрықша, – деген Теңізжан Нұрмаханұлы сала ардагерлеріне амандық, денсаулық тіледі.

Бұл күні сала ардагерлерін құттықтаушылар қатарында болған ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Әміролла Оралбаевта ҚАЖ қызметкерлерінің құрметіне ие болған ардагерлердің бүгінгі жас ұрпақтың бейбітшілікте өмір сүруі — осындай бейбіт заманға үлес қосқан үлестері зор екенін атап өтті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.